Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Комиссия отырысы өтті

06.11.2026, 9:45 46

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынды ашып, жүргізіп отырған аудан әкімі Алмасбек Есмаханов алдымен күн тәртібіндегі мәселелердің маңыздылығына тоқталып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған Жолдауларында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі алқалы жиындарда бұл кеселмен күресті мемлекеттік саясаттың негізгі стратегиялық басым бағыттары ретінде үнемі атап өтіп келетінін жеткізді. Сондай-ақ Әділетті Қазақстан құру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамға «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтырудағы жұмыстар барлық деңгейде күшейтілуі тиіс екенін айтты.

Комиссия отырысында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы салаларында тұрғындарға жеңілдетілген мемлекеттік қолдау шараларын көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері қаралды. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету мен мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде заңдылықты сақтау, ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу бағытындағы жұмыстар талқыланды.

Жиында аудан әкімі жауапты сала басшыларына мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік қолдау шараларын бөлуде теңдік пен ашықтықты қамтамасыз ету, бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді жұмсалуын бақылау, құрылыс және жол саласындағы жұмыстарды қабылдау кезінде орындалмаған жұмыс үшін қаржы аударуға жол бермеу, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінде заң талаптарын қатаң сақтау жөнінде нақты тапсырмалар беріп, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізуді міндеттеді.

Әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндеті – халыққа адал қызмет ету, заң талаптарын сақтау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру екенін атап өткен аудан басшысы, Президентіміз айтқан заң үстемдігі орныққан, әділетті және адал қоғамды қалыптастыруда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: