Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Халықтық бақылауға» 6,3 мың өтініш түсті

05.11.2026, 12:35 83

eGov mobile мобильді қосымшасындағы «Халықтық бақылау» цифрлық сервисі арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына азаматтардан 6,3 мың өтініш келіп түсті. eGov mobile қосымшасындағы «Денсаулық» – «Медициналық қызметтер тарихы» бөлімінде көрсетілген медициналық көмек, оның атауы, көрсетілген күні мен уақыты, сондай-ақ қаржыландыру көзі туралы ақпаратпен танысу мүмкіндігі іске қосылды. Қызмет түрін пайдаланушылардың арасында көрсетілген мәліметтер мен іс жүзінде алынған медициналық көмек арасындағы сәйкессіздікті анықтағандар да бар. Осы өтініштер бойынша Қор тарапынан тексерулер жүргізіліп жатыр. Тексеріс нәтижелері бойынша тиісті іс-шаралар жүзеге асырылады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп «Халықтық бақылау» цифрлық сервистерін дамыту жұмыстарын жалғастыруда. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: