Есірткі — бұл адамның денсаулығы мен өмірін ғана емес, бүкіл қоғамның болашағын бүлдіретін, отбасылардың шырқын бұзатын өте қауіпті кесел. Бүгінгі күні бұл дертпен күресу тек құқық қорғау органдарының немесе арнайы мамандардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндетіне айналуы тиіс. Өсіп келе жатқан жастардың өмірін осы бір зиянды әдеттен сақтап қалу, оларды жаман жолдан алшақтату сау, мықты әрі дамыған қоғам құрудың басты кепілі саналады.
Қоғам үні қашанда дауыстап шындықты айтуы керек. Біз жастар арасында саламатты өмір салтын белсенді түрде насихаттап, олардың бос уақытын тиімді пайдалануына, спортқа, білімге, ғылымға және шығармашылыққа ұмтылуына барлық жағдайды жасауымыз қажет. Есірткіге бұралаңсыз «жоқ» деп айту — бұл өз өміріңе, жақындарыңа, отбасыңа және туған еліңнің болашағына үлкен жауапкершілікпен қарау деген сөз. Әрбір отбасы, балабақша мен мектеп балаға дұрыс бағыт-бағдар беріп, оның қауіпсіз, таза ортада өсіп-өнуін толық қамтамасыз етуі тиіс.
Бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып бірігіп әрекет еткенде ғана есірткісіз таза әрі жарқын болашақты құра аламыз. Біздің ортақ мақсатымыз — саналы, дені сау, рухани бай ұрпақ тәрбиелеу. Еліміздің ертеңі мен жарқын келешегі дені сау, білімді, елжанды әрі белсенді жастардың қолында екенін ешқашан ұмытпайық!
Айару Сакилова,
№85 орта мектеп, 7 «А» сынып оқушысы
Қармақшы ауданы,
Төретам кенті,
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!