Қызылорда қаласындағы құрылыс қоймасы аумағында өрт болып, 70 шаршы метр жерді шарпыды, деп хабарлайды halyqline.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, өрт Жүнісов көшесінде орналасқан жеке кәсіпорын аумағында болған. Құтқарушылар келген кезде қалқа астындағы 50 шаршы метр аумақта құрылыс материалдары және екі қабатты ғимараттың 20 шаршы метр шатыр жабыны жанып жатқан.
ТЖМ бөлімшелері өртті толық сөндірді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!