Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аяқсу жүйесін жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.11.2026, 9:35 57

HALYQLINE.KZ

Жаңақорған ауданының Түгіскен ауылында тұрғындарды аяқсумен қамтамасыз ететін Р-16-2 және Р-16-2-1 каналдарын тазалау жұмыстары жүргізілуде, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта «Арна» мекемесінің мамандары аталған каналдарда тазалау және арнаны тереңдету жұмыстарын атқаруда. Жалпы ұзындығы 5 шақырымды құрайтын каналдарды тазалау су өткізу қабілетін арттырып, ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы алқаптарын аяқсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кеше аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан іс барысымен танысып, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен белгіленген мерзімде орындалуына назар аударды.

Аудан басшысы ауыл әкіміне және жауапты мекеме өкілдеріне тазалау жұмыстарын сапалы жүргізіп, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: