Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

1 млрд теңгеден астам шығын қысқартылады

27.07.2020, 13:00 511

HALYQLINE.KZ Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде МӘСҚ басқармасына байланысты өткен брифингте аталмыш қорда өзгерістер болатыны айтылды. Өзгерістер ішкі үдерістерге, штат құрылымын қайта қарауға, шығындарды оңтайландыруға қатысты болады.

– Штат құрылымы қайта қаралады, қайталанатын функцияларды алып тастау арқылы оның саны азайтылмақ. Бұл мәселе орталық аппарат деңгейінде қарастырылуда, кейіннен бұл жұмыстар филиалдарда да жүргізілетін болады. Бұдан басқа, филиалдардың қызметі, өкілеттіктері мен жауапкершілігі айтарлықтай өзгеріске ұшырайды. Кейбір қызметтер жергілікті жерлерге беріледі. Бұл мәселелерді егжей-тегжейлі және аумақтық ерекшеліктерді ескере отырып шешуге мүмкіндік береді. Әңгіме тариф жасау, сатып алу және бюджетті жоспарлау, медициналық көмек сапасын бақылау туралы болып отыр, – МӘСҚ басқармасының төрағасы Б.Төкежанов.

Айта кетейік, 1 млрд теңгеден астам шығындар қысқартылады. Операцияға 800 млн, PR-ға 102 млн, кеңселерді жалға алуға және іссапарларға да шамамен сонша, ІТ қызметтерге 180 млн теңге, еңбекақы 119 млн теңгеге азаяды, сондай-ақ, басқарушы директорлар үшін жылдық сыйақылар да қарастырылмаған.

– Күрделі шығындар 277 млн теңгеге қысқартылады, негізінен жиһаз бен ұйымдастыру техникасын сатып алудан бас тартамыз. Әрине, алдағы уақытта да қаражатты тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз, – деп сендірді компанияның жаңа басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: