Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бір аптада 7 мыңнан астам жол ережесі бұзылды

28.10.2026, 17:30 46

Қызылорда облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.


Атап айтқанда, белгіленген жылдамдықты асырудың 1 738 дерегі, қауіпсіздік белдігі мен мотошлемді пайдалану және жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын бұзудың 2 052 дерегі тіркелді.
Сонымен қатар маневр жасау қағидаларын бұзудың 238, қарсы бағытқа шығу және басып озу ережелерін бұзудың 50, жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 157 дерегі анықталды. Сондай-ақ тиісті құжаттарсыз немесе көлік құралын басқару құқығынсыз жүрудің 239 дерегі тіркелді.


Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауды жалғастырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.


Құрметті жол қозғалысына қатысушылар! Жол ережелерін сақтап, жылдамдықты асырмаңыздар. Өйткені жолдағы қауіпсіздік – әр адамның жауапкершілігі. Өз өміріңіз бен өзгенің өмірін қорғаңыз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: