Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақ басшысының арнайы жүлдесі табысталды

25.10.2026, 11:52 64

Қызылорда қаласында өткен қазақ театртану ғылымының көрнекті өкілі, театр сыншысы, профессор Бағыбек Құндақбаевтың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXXI республикалық фестивалі аясында облыс әкімінің арнайы жүлдесі – «Бағыбек Құндақбаев атындағы сыйлық» табысталды.

Мәртебелі марапатқа Б. Римова атындағы академиялық драма театрының актері Медет Батырхан «Жәмилә» спектакліндегі Бала Сейіт рөлін шебер сомдағаны үшін ие болды.

Аталған марапат – қазақ театр өнерінің дамуына қосылған шығармашылық үлесті жоғары бағалаудың, сахна өнерінің үздік дәстүрлерін дәріптеудің және көрнекті театртанушының рухани мұрасын ұлықтаудың жарқын көрінісі.

Бұл арнайы жүлде театр өнерінің өркендеуіне серпін беріп, шығармашылық ізденістерді қолдауға және ұлттық сахна мәдениетінің мәртебесін арттыруға бағытталған.

Медет Батырханды мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, толағай жетістік және өнер жолында жаңа белестер тілейміз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: