Медиа саласында тәжірибелі маман Бибігүл Жексенбай «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Жаңа тағайындау корпорацияның ақпараттық саясатын дамытуға және заманауи талаптарға сай сапалы жобаларды жүзеге асыруға тың серпін бермек, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Бибігүл Нұрғалиқызы 1971 жылғы 2 желтоқсанда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Журналистика» мамандығы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «Құжаттандыру және консулдық қызмет» бағыты бойынша тәмамдаған. Халықаралық бизнес академиясында іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA) дәрежесін алған.
Медиа саласында 35 жылға жуық қызмет етіп келеді. Еңбек жолын 1991 жылы республикалық басылымдарда журналист болып бастаған. 1996-2007 жылдары «Хабар» агенттігінде журналист, продюсер, Астанадағы Орталық бюро директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2007-2008 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақпараттық-талдамалық бағдарламалар дирекциясының директоры, 2008-2016 жылдары «Жетінші арна»/ «ЭРА ТВ» директорлар кеңесінің төрағасы, бас директордың орынбасары, 2019 жылы «Астана» телеарнасының Бас директоры болды.
Мемлекеттік қызметі саласындағы тәжірибесі:
2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері жөніндегі кеңесшісі;
2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі;
Қоғамдық және академиялық қызметтегі тәжірибесі:2019 жылдан бастап «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті; 2020 жылдан бастап «Қазақстанның Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі президентінің орынбасары; 2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы профессорының міндетін атқарушы; 2022-2026 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары; 2026 жылдан бастап гендерлік омбудсмен және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі.
Фото: Aikyn.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!