Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Үш айдан кейін әлем чемпионы боламын»: Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

21.10.2026, 15:15 60

HALYQLINE.KZ

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) жеңіліссіз келе жатқан даниялық былғары қолғап шебері Якоб Банкпен (20-0, 11 КО) өтетін титулдық жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады, деп жазады penalty.kz.

Кездесу 2027 жылғы 23 қаңтарда Данияның Хорсенс қаласында өтеді. Жекпе-жекте екінші орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша бос әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.

ӘЛІМХАНҰЛЫ ҚАРСЫЛАСЫН ЗЕРТТЕГЕНІН АЙТТЫ

Қазақстандық боксшының сөзінше, оның командасы Якоб Банктің жекпе-жектерін зерттеп, қарсыласының осал тұстарын анықтаған. Енді дайындық барысында команда сол ерекшеліктерге басымдық бермек.

Әлімханұлы әлеуметтік желідегі X парақшасында алдағы кездесу туралы қысқаша пікір білдірді.

«Жаңа салмақ дәрежесі. Жаңа деңгей. Бұйырса, үш айдан кейін екі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы боламын!», — деп жазды боксшы.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта өнер көрсеткен болатын.

ЯКОБ  БАНК ТЕ ЧЕМПИОНДЫҚТЫ КӨЗДЕЙДІ

Бұған дейін даниялық Якоб Банк те алдағы жекпе-жекте жеңіске жетіп, әлем чемпионы атануды мақсат ететінін мәлімдеді.

Ғани ТҰРҒЫМБЕКОВ

Фото: sportbugin.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: