Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде бір апта ішінде тазалық пен абаттандыру талаптарын бұзудың 217 дерегі тіркелді, деп хабарлайды Halyqline.kz.
Облыстық полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда тазалық сақтау және қоршаған ортаны қорғау талаптарының орындалуын бақылауды жалғастыруда.
Бір апта ішінде қоғамдық орындарды ластағаны үшін 86, ал елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 131 әкімшілік хаттама толтырылған. Құқық бұзушылық жасаған азаматтарға қатысты тиісті шаралар қабылданды.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері тұрғындарға қоқысты белгіленбеген орындарға тастамау, қоғамдық аумақтарды таза ұстау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттігін түсіндіруде.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мұндай профилактикалық жұмыстар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!