Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қызметкерлері облыстық қан орталығында ұйымдастырылған донорлық акцияға қатысты.
Акция барысында мектеп ұжымы қан тапсырып, медициналық мекемелерді қажетті қан компоненттерімен қамтамасыз етуге үлес қосты. Донор қаны күрделі оталар жасау, түрлі ауруларды емдеу және шұғыл медициналық көмек көрсету кезінде аса қажет.
Мұндай бастамаларға қатысу мектеп қызметкерлерінің әлеуметтік жауапкершілігін және қоғам үшін маңызды жобаларды қолдауға дайын екенін көрсетеді.
Әрбір донацияның маңызы зор. Донор қаны науқастарға жаңа өмір сыйлай алады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!