Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тазалық — ортақ міндет, тәртіп — ортақ жауапкершілік

14.10.2026, 17:10 67

«Таза Қазақстан» қағидатын іске асыру аясында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау, қоршаған ортаны қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Апта қорытындысы бойынша 270 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Атап айтқанда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы бойынша — 30, 505-бабы бойынша 240 хаттама ресімделді.

Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, аумақтарды абаттандыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Полиция қызметкерлері алдағы уақытта да құқықбұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Тазалық – ортақ міндет, тәртіп – баршаға ортақ жауапкершілік!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: