Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ахмет Исламға тай мінгізді

07.10.2026, 18:55 29

HALYQLINE.KZ

Грекияның Салоники қаласында самбо күресінен өткен әлем чемпионатында топ жарған Ахмет Ислам елге оралды. Сыр елі жеңімпазды әуежайдан салтанатты түрде күтіп алып, зор қошемет көрсетті. Бұл сүйінші ақпаратты облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты іс-шарада Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жігер Оңдасынұлы сөз сөйлеп, спортшы мен оның бапкерін тарихи жеңісімен құттықтады. Сонымен қатар чемпионның өзі мен оның жеке жаттықтырушысы да сөз алып, қолдау білдірген барша Сыр жұртшылығына жүрекжарды алғыстарын жеткізді.

Іс-шара барысында қазақтың дәстүрі мен құрметі дәріптеліп, әлем чемпионына тай мінгізіліп, ақжолтай сый-сияпат табысталды. Бұл бәйгені «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Мақсат Исағабылов арнайы табыс етті.

Спортшының әрбір жеңісі – ел абыройы, туған жердің мерейі! Ахмет Исламды жарқын жеңісімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарына сәттілік пен биік белестер тілейміз!

Жеңісің құтты болсын, чемпион! Сыр елінің құрметі мен елдің ақ батасы әрдайым өзіңмен бірге болсын!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: