Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Халық» газеті оқырмандарының оң бағасына ие

23.07.2020, 17:40 804

Құрметті газет ұжымы және оқырмандары! Сіздерді мерейлі мерекелеріңіз, «Халық» газетінің жарыққа шыққанына 20 жыл толуымен құттықтаймын.

2000 жылы шілде айында алғашқы саны жарық көрген басылым еліміз бен Сыр өңірінің жаңалықтарын жариялауда өзіндік дәстүрін қалыптастырды. Көкейкесті мәселелерді қозғайтын, оқырманға ой салатын ауқымды материалдар да, өткір сын мақалалар да газет бетінен орын алды.«Халық» газеті осы аралықта халықтың жақын жанашырына, сенімді серігіне айнала білді. Ел тәуелсіздігін алғанда жалпақ жұрттың ұлттық санасын оятып, кеңестік кезеңде жұтылып кеткен дәстүрін жаңғыртуда редакция тілшілерінің еңбегі зор.
Бір аймақтың ғана емес, республиканың ақпарат айдынында өзіндік орнын қалыптастырған басылым алғашқы жылдарында Сыр өңірінің экологиялық проблемаларын да сөз етіп, Арал теңізінің ауыр тағдырына араша түсті.
Басылымның беделін қалыптастырып, сабақтастық жолын жалғап жүрген тілшілерінің жеткен жетістіктері де аз емес. Қаншама жастың жігерлі журналист болуына жетекшілік етіп, олар бүгінде қоғам өміріне, ел дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді.

Бүгінгі мереке күні газет ұжымына шығармашылық шабыт, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Сіздердің алдағы уақытта да сүйіншілейтін жеңістеріңіздің мол боларына сенеміз. Әрқашан қаламдарыңыз мұқалмай, оқырмандарыңызды ойлы дүниелермен қуантып жүріңіздер! Еліміздің өркендеу жолында қалтқысыз қызмет ете беріңіздер!

Ізгі ниетпен,
Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА,
Қызылорда облысының әкімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: