Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысында жемқорлық жасаған сот төрағасы мен судья сотталды

05.10.2026, 17:30 54

Қызылорда облысында Қазалы аудандық сотының төрағасы Д. Әбдіқалықов пен судья С. Бертайға қатысты үкім шықты. Олар биыл қаңтарда ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ұсталған.

Бұл туралы halyqline.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.


ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 қыркүйекте сот екеуін де сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырған.

Іс материалдарына сәйкес, сот төрағасы мен судьясын ҰҚК қызметкерлері биыл қаңтарда ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ұстаған. Екі сот қызметкеріне де Қылмыстық кодекстің пара алуға қатысты баптары бойынша айып тағылды.

ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Фото: видеодан скриншот

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: