Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Бас прокуратура қызметкерлері «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекетін тоқтатты.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер сүректі жаппай заңсыз отап, оны сыртқа сатумен айналысатын қылмыстық схема ұйымдастырды деген күдікке ілініп отыр.
«Атап айтқанда, күдікті тұлғалар пара орнына ең құнды әрі сапалы орман алқаптарына кедергісіз кіруге және ағаш отауға мүмкіндік беріп отырған. Тінту барысында бухгалтериялық құжаттар, ағаш отауға арналған орман орамдары мен түскен қаражатты бөлу туралы қолжазба жазбалар, сондай-ақ іс бойынша өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді», — деп хабарлады ҰҚК өкілдері.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!