Мемлекет басшысы Ермек Сағымбаевты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатты, деп хабарлайды Ақорда.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды», — делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, биыл 13 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Сағымбаевты қабылдап, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жұмысы, соның ішінде терроризмге, сыбайлас жемқорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес туралы есебін тыңдады.
Еске сала кетейік, Ермек Сағымбаев 2022 жылдың қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Ол бұл қызметке 2026 жылдың тамызында қайта тағайындалды.
Дереккөз: kaz.nur.kz
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!