Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тоқаев БҰҰ басшылығына ықтимал үміткер ретінде аталды

01.10.2026, 15:20 56

Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімі БҰҰ Бас хатшысы қызметіне ықтимал үміткерлер қатарында аталды. Бұл туралы британдық The Guardian басылымы жазды.

Басылым хабарламасын келтірген UNN агенттігінің мәліметінше, Қауіпсіздік кеңесіндегі үш жабық дауыс беру айқын фаворитті анықтамаған. Осы тұста жарысқа қосылуы мүмкін өзге тұлғалар талқылана бастаған. Олардың арасында Тоқаевпен бірге БАӘ мемлекеттік министрі Лана Нусейбе, нидерландтық саясаткер Сигрид Кааг және Венгрияның бұрынғы премьер-министрі Виктор Орбан аталған.

БҰҰ Бас хатшысын тағайындау үшін Қауіпсіздік кеңесінің 15 мүшесінің кемінде тоғызы қолдау білдіруі керек. Кеңестің тұрақты мүшелері — АҚШ, Ресей, Қытай, Франция және Ұлыбританияның ешқайсысы вето қоймауға тиіс. Бұдан кейін кандидатура Бас Ассамблеяның мақұлдауына ұсынылады.

Тоқаевтың бұл қызметке баруы мүмкін екені туралы Reuters те хабарлаған. Агенттік 13 наурыздағы материалында қазақстандық дипломатиялық дереккөзге сүйеніп, Президенттің БҰҰ Бас хатшылығына кандидат болу мүмкіндігін қарастырып жатқанын жазған. Бұл дереккөздің мәлімдемесі ретінде берілген.

Reuters сол материалда Тоқаевтың БҰҰ-ға қайта оралғысы келмейтінін бұған дейін айтқанын да еске салған. Сондықтан басылымдардағы болжамды оның ресми кандидатурасын ұсынғаны туралы хабарлама ретінде қабылдауға негіз жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: