Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

27.09.2026, 11:55 40

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олар әскери борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградаға ұсынылды.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 29011 әскери бөлімі взводының командирі Мұхтарұлы Олжас Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Ал Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» ордені 13 әскери қызметшіге берілді. Олар:

Аяпберген Сержан Талғатұлы
Бегей Дастан Нұрболұлы
Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы
Гилаж Ақжайық Болатбекұлы
Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы
Диханбаев Олжас Тәжібайұлы
Жаңабай Әсет Саматұлы
Көбенов Алмас Жүсіпұлы
Мәдіхан Азамат Болатбекұлы
Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы
Темірғалиев Жеңіс Тілеуішұлы
Төлеген Ақылбек Қабденұлы
Тұрдыбекұлы Мирас.

Еске салсақ, Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметші қаза тапқан болатын. Оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызып, кейін Қорғаныс министрлігінде кадрлық өзгерістер жасалды.

Марқұм сарбаздардың есімі енді мемлекеттік наградамен айшықталды. Бұл шешім олардың әскери міндетін атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығына берілген баға болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: