Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілерді іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға орнындағы іздестіру-құтқару жұмыстарынан жаңа кадрлар жарияланды.
Фотолардан Каспий жағалауында әскери қызметшілер, сүңгуірлер мен арнайы техника жұмылдырылғанын көруге болады. Іздестіру жұмыстарына қайықтар мен авиация да тартылған.
Қазіргі таңда негізгі міндет — орналасқан жері анықталмаған екі әскери қызметшіні табу. Үкіметтік комиссия іздестіруді барлық қажетті күш пен құралды тарта отырып, тәулік бойы жалғастыруды тапсырған.
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!