Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Каспийде қаза тапқан әскерилер саны 12-ге жетті

24.09.2026, 21:42 32

Каспий теңізінде әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің саны 12-ге жетті. Тағы екі әскери қызметші іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Halyqline.kz. 

Нақтыланған мәлімет бойынша, оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Салдарынан 17 әскери қызметші суға кеткен. Олардың 12-сі қаза тауып, үшеуі құтқарылған. Қалған екі әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. 

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Ол із-түзсіз кеткен екі әскери қызметшіні барлық күш пен құралды тарта отырып, тәулік бойы іздеуді тапсырды. 

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық және өзге де көмек көрсету тапсырылған. Оқиғаның мән-жайын уәкілетті органдар анықтап жатыр. Бұған дейін әскери қызметшілердің қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалған. 

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: