Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақты жасықтықтан, кінәмшілдік пен орынсыз уайымнан сақтау қажет екенін айтты.
Мемлекет басшысының пікірінше, үнемі айналасынан кінәлі іздейтін адамның да, тұтас ұлттың да болашағы бұлыңғыр болады. Жастар өз халқының тарихын мақтан тұтып, елдің келешегіне сеніммен қарауы керек.
— Өткенге өкпе арту – болашаққа балта шабумен тең әрекет. Өскелең ұрпақты жасық, кінәмшіл, уайымшыл мінезден сақтау қажет, — деді Президент.
Ол «Адал Азамат» тәрбие бағдарламасын формалды өткізбей, сапалы жүзеге асыруды тапсырды.
Фото: Halyqline AI
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!