Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Робот әйгілі блогерді бір соққымен сұлатты (видео)

22.09.2026, 6:00 35

 HALYQLINE.KZ

Сан-Франциско қаласында блогер Фрэнки Лапенна мен EngineAI T800 гуманоид роботы арасында ерекше көрме жекпе-жегі өтті, деп жазады penalty.kz.

БЛОГЕР ҚҰЛТЕМІРГЕ ШАБУЫЛ ЖАСАДЫ

Ұйымдастырушылар бұл шоуды адам мен толық өлшемді гуманоид робот арасындағы тарихтағы алғашқы жекпе-жек деп таныстырды. EngineAI T800 роботының бойы шамамен 1,8 метр болса, салмағы 75-85 келі аралығында.

Америкалық контент-мейкер кездесуді белсенді бастап, роботтың денесі мен бас тұсына бірнеше соққы бағыттады. Бірақ T800 қарсыласының шабуылдарына төтеп беріп, қарымта әрекетке көшті.

EngineAI T800 БЛОГЕРДІ НОКАУТҚА ТҮСІРДІ

Роботтың жойқын тепкісі Фрэнки Лапеннаны торға қарай ұшырып жіберді. Артынша T800 тағы бір дәл соққы жасап, блогерді октагон төсенішіне құлатты. Америкалық кездесуді жалғастыра алмағандықтан, жеңіс роботқа берілді.

Жекпе-жектегі нокаут сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде кеңінен тарады.

Нұрдаулет  КЕҢЕС

Фото: ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: