Отбасы мен қызметті қатар алып жүру үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекеменің режим және күзет бөлімінде еңбек ететін Алия Кутыбаева мен Бағдат Жадырасын осы екі міндетті қатар атқарып жүрген қызметкерлердің қатарында.
Алия Әділқанқызы Кутыбаева режим және күзет бөлімінің бақылаушысы болып қызмет атқарады. Әріптестері оны жұмысына ұқыпты, тиянақты әрі жауапкершілігі жоғары маман ретінде таниды. Ал үйінде ол бес баланың анасы.
Бес баланың тәрбиесін, күнделікті отбасы тіршілігін және қызметтік міндетті қатар алып жүру оңай емес. Соған қарамастан, Алия Әділқанқызы уақытын тиімді үйлестіріп, бала тәрбиесіне де, қызметіне де жауапкершілікпен қарайды.
Ал Бағдат Ғаниұлы Жадырасын №68 мекеменің режим және күзет бөлімінде аға бақылаушы, әділет сержанты болып жұмыс істейді. Қызметте тәртіп пен қырағылықты басты орынға қоятын ол үйінде үш ұлдың әкесі.
Бағдат Ғаниұлы балаларына жауапкершілік, еңбекқорлық пен адалдықты ісімен көрсетуге тырысады. Қызметтен тыс уақытын отбасына бөліп, үш ұлының тәрбиесіне араласып келеді.
Бірі бес баланың анасы, бірі үш ұлдың әкесі. Екеуін байланыстыратын ортақ қасиет – қызметке адалдық пен отбасы алдындағы жауапкершілік.
Отбасыдағы тәрбие баланың мінезі мен болашақтағы көзқарасының қалыптасуына тікелей әсер етеді. Сондықтан ата-ананың балаға бөлген уақыты, қолдауы мен күнделікті іс-әрекеті маңызды.
№68 мекеме қызметкерлерінің өміріндегі осы мысал қызмет пен отбасы міндетін қатар алып жүруге болатынын көрсетеді. Күнделікті жұмыс қаншалықты жауапты болғанымен, отбасыға уақыт бөлу, бала тәрбиесіне араласу мен жақындарына қолдау көрсету өмірдің маңызды бөлігі болып қала береді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!