Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«40 млн теңгеден астам пара алған»: ҰҚК жоғары лауазымды шенеуніктерді ұстады

10.09.2026, 12:00 68

HALYQLINE.KZ

ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі көлік саласындағы жемқорлықтың жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Ведомствоның ресми сайтындағы дерек бойынша тамыз айында прокуратураның үйлестіруімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арнайы операция өткізді.

Көлік министрлігінің автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары мен Ақмола облысы бойынша көлік бақылауы инспекциясы басшысының орынбасары ұсталды.

«Олар жүгі рұқсат етілген салмақ нормаларынан асып кеткен көлік құралдарының кедергісіз жүруін қамтамасыз ету жөніндегі құқыққа қарсы әрекет жасады деген күдікке ілінді.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес бұлар кәсіпкерлерден 40 млн теңгеден астам сомаға материалдық сыйақы алған. Сот санкциясымен аталған адамдар қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», — делінген хабарламада.

Дереккөз: kaz.nur.kz

Фото: Тергеу шаралары. Кадр: youtube.com/@knbgovkz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: