Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан EXPO-2027 көрмесіне қатысуға дайындалып жатыр

09.09.2026, 15:30 66

Қазақстан 2027 жылы Сербияның астанасы Белградта өтетін халықаралық мамандандырылған EXPO-2027 көрмесіне қатысады.

Бұл мәселе Қазақстанның Сербиядағы елшісі Болат Иманбаевтың Сербия Сыртқы істер министрінің орынбасары Тамара Растовац-Сиамашвилимен кездесуінде талқыланды.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы қазіргі бірлескен жобаларды жүзеге асыру және алдағы уақытта өзара ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін сөз етті. Әсіресе цифрландыру, жасанды интеллект, энергетика, ауыл шаруашылығы, туризм және құрылыс салаларына басымдық берілді.

Сонымен қатар тараптар 2026–2027 жылдарға жоспарланған екіжақты іс-шаралардың күнтізбесін пысықтады. Солардың қатарында Қазақстанның Белградта өтетін EXPO-2027 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы бар.

Көрме Қазақстанның экономикалық және технологиялық әлеуетін халықаралық деңгейде таныстырып, Сербия және басқа да мемлекеттермен жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: