Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанның ЖІӨ көлемі 70,95 триллион теңгеге жетті

08.09.2026, 17:55 53

Мұндай деректі Ұлттық статистика бюросының ресми парақшасы жазып отыр.

Ондағы ресми деректерге сай, қаңтар-маусым аралығында өндірілген ЖІӨ көлемі 70,95 триллион теңге болған.

Экономиканың өсіміне бірқатар негізгі сала серпін берді. Ең жоғары көрсеткіш құрылыс саласында тіркеліп, ол бір жылда 15,2 пайызға өскен. Одан кейінгі орында өңдеу өнеркәсібі – 9,8 пайыз, көлік және қоймалау 7,1 пайыз болды.

Сондай-ақ, көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу саласында өсім 5,7 пайызды, ал ауыл, орман және балық шаруашылығында 4,4 пайызды құрады.

ЖІӨ құрылымында тауар өндірудің үлесі 36,4 пайыз, ал қызмет көрсету секторының үлесі 55,4 пайыз болды. Экономикадағы ең ірі үлес өнеркәсіпке тиесілі – 28,6 пайыз.

Жалпы экономикалық өсімге ең көп үлесті өңдеу өнеркәсібі қосты. Оның ЖІӨ өсіміне қосқан үлесі 1,25 пайыздық тармақты құрады. Көтерме және бөлшек сауданың үлесі – 0,93 пайыздық тармақ, құрылыс саласының үлесі – 0,79 пайыздық тармақ.

Осылайша, жылдың алғашқы алты айындағы экономикалық өсімнің негізгі драйверлері құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, сауда және көлік салалары болып отыр.

Фото: Ердәулет Қали

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: