Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алты адамды қаққан тізгінші әйел 9 жылға темір торға отырды

07.09.2026, 15:55 46

Түркістан облысының Арыс қаласында мас күйде көлік жүргізіп, алты адамды қағып кеткен әйелге сот үкімі шықты. Жол апаты салдарынан үш адам қаза тапқан.

Сот жүргізушіні кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар оған көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот шешімімен қаза тапқандардың туыстары мен жарақат алған азаматтарға жалпы 35 млн теңге көлемінде моральдық шығын өтелуі тиіс.

Бұған дейін полиция JAC маркалы көлікті 50 жастан асқан әйел басқарғанын хабарлаған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол мас күйде қатты жылдамдықпен жүріп, көшедегі орындықта отырған адамдарды қағып кеткен.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілген. Сот үкімі шыққаннан кейін айыпталушының 14 жасқа толмаған, мүмкіндігі шектеулі қызының болуына байланысты жазаны өтеу мерзімі кейінге шегерілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: