Бүгін Қызылорда қаласы Астана даңғылының бойында Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде, деп жазады облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне Жаңақорған ауданынан 40-тан астам жүк көлігімен жеткізілген 125,7 тонна ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылып, қала тұрғындары мен қонақтарына мол мүмкіндік жасалды. Барлық өнім нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен бағада сатылуда.
Жәрмеңкеге аудандағы ірі ауыл шаруашылығы құрылымдары, шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер қатысып, сапалы әрі экологиялық таза өнімдерін ұсынуда.
Сауда сөрелерінде ақ күріш, көкөніс пен бақша, картоп, ет және сүт өнімдері, бал, сары май, құрт, сөк, талқан және тағы басқа табиғи өнімдер қойылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!