Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президент Еңбек министрін тағайындады

03.09.2026, 12:50 64

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды. Ол бұл қызметті 2026 жылғы қаңтардан бері атқарып келеді. 

Асқарбек Ертаев 1977 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін және «Нұр» Ақтөбе менеджмент, бизнес және құқық институтын тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің аппаратында маман болып бастаған. 2000–2014 жылдары банк секторында түрлі қызмет атқарды. Кейін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитетінде, Ұлттық экономика министрлігінде еңбек етіп, бас сарапшыдан департамент директорына дейін көтерілді. 

2021–2022 жылдары Президент Әкімшілігіндегі Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінде сектор меңгерушісі болды. 2022–2023 жылдары Премьер-министр Кеңсесі мен Үкімет Аппаратының Экономикалық бөлімін басқарды. 

2023 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы қызметіне келді. 2024 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, 2025 жылы бірінші вице-министр болып тағайындалды. Ал 2026 жылғы 27 қаңтарда алғаш рет Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне кірісті. 

Енді Асқарбек Ертаев жаңа Үкімет құрамында да еңбек нарығы, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, зейнетақы және көші-қон саясаты бағыттарына жауап беретін ведомствоны басқарады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: