Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Айдарбек Сапаров – Ауыл шаруашылығы министрі

03.09.2026, 12:46 60

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды. Ол бұл ведомствоны 2023 жылдан бері басқарып келеді. 

Айдарбек Сапаров 1966 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауыл шаруашылығы институтын және М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1984 жылы кеңшарда есепші болып бастаған. 1992–1995 жылдары зоотехник-өткізуші, кейін Калинин атындағы кәсіпорынның коммерциялық директоры болды. 1995–2003 жылдары коммерциялық құрылымдарда еңбек етті. 

2003 жылдан «Азық-түлік корпорациясы» АҚ-ның Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігінде басшылық қызметтер атқарды. 2006 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясын басқарды. Кейін Шал ақын және Мағжан Жұмабаев аудандарының әкімі болды. 

2010–2011 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары, 2011–2019 жылдары облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2019–2022 жылдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі болды. 

2022 жылғы желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Ал 2023 жылғы 4 қыркүйекте алғаш рет Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне келді. 

Енді Айдарбек Сапаров жаңа Үкімет құрамында да агроөнеркәсіп кешені, егін және мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен аграрлық секторды қолдау бағыттарына жетекшілік етеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: