Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нұржан Нұржігітов — Су ресурстары және ирригация министрі

03.09.2026, 12:15 61

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі лауазымына тағайындалды. Ол бұл ведомствоны 2023 жылдан бері басқарып келеді. 

Нұржан Нұржігітов 1967 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1991 жылы Ленинград ауыл шаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Техника ғылымдарының кандидаты. 

Еңбек жолын техник және механик болып бастап, кейін ауыл шаруашылығы саласында инженерлік қызметтер атқарған. 2015–2018 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасын, 2018–2019 жылдары табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасын басқарды. 

2019–2021 жылдары Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі, 2021–2022 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болды. 2022 жылғы сәуірде Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалып, сол жылдың желтоқсанында бұл қызметке қайта тағайындалды. 

2023 жылғы 4 қыркүйекте жаңадан құрылған Су ресурстары және ирригация министрлігінің алғашқы басшысы болып тағайындалды. Оның басшылығы кезеңінде жаңа Су кодексі әзірленіп, су үнемдеу, су инфрақұрылымын жаңғырту және Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін іске қосу бағытындағы жұмыстар қолға алынды. 

Енді Нұржан Нұржігітов жаңа Үкімет құрамында да елдің су саясаты, ирригация, трансшекаралық өзендер және су шаруашылығы инфрақұрылымына жауап беретін ведомствоны басқарады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: