Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды

03.09.2026, 11:45 68

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды. Ол бұл қызметті бұған дейін де атқарып келген. 

Ерсайын Нағаспаев 1980 жылғы 28 шілдеде Қарағанды қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2001 жылы Теміртау қаласы әкімінің аппаратында жетекші маман болып бастаған. Кейін Инвестициялар комитетінде, Сыртқы істер министрлігінде және Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде дипломатиялық қызмет атқарды. 2006–2007 жылдары Көлік және коммуникациялар министрлігінің құрылымында еңбек етіп, одан кейін Ақтау халықаралық теңіз сауда портында басшылық қызметтер атқарған. 

2009 жылы Премьер-министр орынбасарының кеңесшісі болды. Кейін Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. 2011–2013 жылдары Шахтинск қаласының әкімі, 2013–2014 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары болды. 

2014–2016 жылдары «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы қызметін атқарды. Кейін құрылыс саласындағы жеке компанияда еңбек етіп, 2021 жылдан «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында басқарушы директор болды. 2022–2025 жылдары ҚТЖ-ның жаңа жобалар жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды. 

Ерсайын Нағаспаев 2025 жылғы 28 ақпанда алғаш рет Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалған еді. Енді жаңа Үкімет құрамында да осы қызметін жалғастырады. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: