Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды.
Мұрат Мұханов 1985 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. 2006 жылы Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын, 2020 жылы Ресей ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Санкт-Петербург университетін тәмамдаған.
Ол азаматтық қорғау органдарында 2002 жылдан бері қызмет етеді. Еңбек жолын Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасында бастап, кейін мемлекеттік өрт бақылауы бағытында түрлі лауазымдар атқарған. 2010 жылы мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы, 2016 жылы өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы болды.
2017–2020 жылдары Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, 2020–2023 жылдары департамент бастығы қызметін атқарды. 2023–2024 жылдары ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының міндетін уақытша атқарған. 2024 жылы қайтадан Маңғыстау облысының ТЖД басшысы болды.
2026 жылғы маусымда Мұрат Мұханов Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалған еді. Енді ол ведомство басшысы қызметіне келді.
Мұрат Мұханов II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!