Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі қызметін жалғастырады

03.09.2026, 11:25 62

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды. Ол бұл қызметті 2025 жылғы қаңтардан бері атқарып келеді. 

Ерлан Сәрсембаев 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы энергетика және байланыс институтын және Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық университетті тәмамдаған. 

1998–2002 жылдары Қазақстан Қарулы күштерінде офицерлік қызмет атқарды. Кейін Премьер-министр Кеңсесінде кеңесші және сектор меңгерушісі болды. 2005–2011 жылдары Парламент Сенаты Аппаратында түрлі қызмет атқарып, бөлім меңгерушісіне дейін көтерілді. 

2011–2016 жылдары Ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық қызметтерде еңбек етті. Кейін қайтадан Сенат Аппаратына оралып, бөлім меңгерушісі және Аппарат басшысының орынбасары болды. 2023–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы қызметін атқарды. 

2025 жылғы 9 қаңтарда алғаш рет Әділет министрі болып тағайындалған Ерлан Сәрсембаев жаңа Үкімет құрамында да осы қызметін жалғастырады. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: