Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәди Такиев Қаржы министрі болып тағайындалды

03.09.2026, 11:05 64

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына тағайындалды. Осылайша ол жаңа Үкімет құрамында Қаржы министрі қызметін жалғастырады. 

Мәди Такиев 1978 жылғы 1 сәуірде Алматы облысы Балқаш ауданының Бақанас ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит», Д.Қонаев атындағы гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ Халықаралық бизнес университетінде іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алған. 

Еңбек жолын 1998 жылы Ғылым министрлігі – Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтында бас есепші болып бастаған. 2000 жылдан бастап салық органдарында қызмет етіп, Алматы қаласы бойынша Салық комитетінде инспектордан бөлім басшысына дейін көтерілді. Кейін Алматы облысы бойынша Салық департаментінің басқарма басшысы, Алматы қаласы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары болды. 

2013–2014 жылдары Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментін басқарды. Одан кейін Премьер-Министр Кеңсесінде еңбек етіп, 2014–2017 жылдары Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, 2017–2019 жылдары Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Салықтық бақылау департаментінің директоры қызметін атқарды. 

2019–2020 жылдары Ұлттық экономика вице-министрі, 2020–2023 жылдары Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болды. 2023 жылғы наурыздан 2024 жылғы ақпанға дейін Мәжіліс депутаты әрі Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 

Мәди Такиев 2024 жылғы 6 ақпанда алғаш рет Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып тағайындалған. Ол «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен және бірқатар ведомстволық марапаттармен наградталған. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: