Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қанат Бозымбаев вице-премьер болып тағайындалды

03.09.2026, 10:45 60

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Осылайша ол жаңа Үкімет құрамында қызметін жалғастырады. 

Қанат Бозымбаев 1969 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 1993 жылы коммерциялық ұйымда экономист болып бастаған. 1994–1997 жылдары Алматы қаласы әкімінің көмекшісі қызметін атқарды. 

Кейін Экономика және сауда министрлігінде, «ҚазТрансОйл» компаниясында, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде еңбек етті. 2001–2007 жылдары KEGOC компаниясының президенті, 2007–2008 жылдары «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару холдингінің басқарма төрағасы болды. 

2009–2013 жылдары Жамбыл облысының, 2013–2016 жылдары Павлодар облысының әкімі қызметін атқарды. 2016–2019 жылдары Қазақстанның Энергетика министрі болды. Кейін Президенттің көмекшісі, Алматы облысының әкімі және Президент кеңесшісі қызметтерінде еңбек етті. 

2024 жылғы 31 наурызда Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалған. Вице-премьер ретінде өңірлік саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, су ресурстары мен ирригация, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бағыттарын үйлестіріп келеді. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: