Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дәурен Қосанов – Қорғаныс министрі

03.09.2026, 9:05 66

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды. Ол бұл қызметті бұған дейін де атқарып келген.

Дәурен Қосанов 1969 жылғы 14 қазанда Павлодар облысының Краснокут ауданындағы Новотроицкое ауылында дүниеге келген. 1990 жылы Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін, 2005 жылы Ю.А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын, 2013 жылы Ресей Қарулы күштері Бас штабының әскери академиясын тәмамдаған. 

Әскери қызметін Үшаралдағы истребительдік полкте жойғыш ұшқыш болып бастаған. Кейін Талдықорған және Шымкент қалаларындағы авиациялық базаларды басқарды. Әр жылдары Қазақстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы қызметтерін атқарған. 

2022 жылғы желтоқсаннан 2024 жылғы қыркүйекке дейін Қазақстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болды. 2024 жылғы қыркүйекте Қорғаныс министрінің орынбасары – Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды. Ал 2025 жылғы 8 маусымнан бері Қазақстанның Қорғаныс министрі қызметін атқарып келеді. 

Дәурен Қосановтың әскери атағы – авиация генерал-лейтенанты. Ол I және II дәрежелі «Даңқ», II дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және бірқатар мерейтойлық медальдармен марапатталған. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: