Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәскеу маңынан XV ғасырдың қазынасы табылды

29.08.2026, 14:00 35

Мәскеу маңындағы Коломна қаласында археологиялық қазба жұмыстары кезінде XV ғасырдан қалған ірі қазына табылды. Қала орталығындағы мәдени қабатты зерттеген Археология институтының экспедициясы саз құмыраның ішінен 2600-ден астам күміс тиын анықтаған.

Ғалымдардың айтуынша, тиындардың басым бөлігі XV ғасырдың басында Коломнаның өзінде соғылған. Олар князь Василий Дмитриевич пен оның ұлы Василий Темный билік құрған кезеңге жатады. Ол уақытта Коломна Мәскеу княздығындағы маңызы жағынан екінші қала болған.

Табылған ақшалардың арасында тарихшыларға бұрыннан белгілі үлгілермен қатар, ғалымдар бұған дейін кездестірмеген тиындар да бар. Мамандар бұл олжаны XV ғасырдың бірінші жартысына жататын ең ірі кешендердің бірі деп бағалап отыр.

Қазынаның бір құмыраға мұқият жиналып, жасырылғаны оның иесі ауқатты адам болғанын аңғартады. Зерттеушілердің болжамынша, ол Коломнадағы дәулетті көпестердің бірі немесе князь қызметіндегі жоғары лауазымды тұлға болуы мүмкін.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: