Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды

26.08.2026, 15:35 55

HALYQLINE.KZ

Жаңақорған ауданының әкімі Жарқынбек Ғалымжан «Горнодобывающая компания Хонда» кәсіпорнының өндірістік алаңында болып, компания басшылығымен кездесті. Кездесу барысында инвестициялық жобаның іске асырылу барысын, өндірістік қызметтің қазіргі ахуалын және кәсіпорынның алдағы даму жоспарларын талқылады. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Кездесу барысында инвестициялық жобаны белгіленген мерзімдерге сәйкес сапалы жүзеге асыру, өндірістік қуаттарды кезең-кезеңімен ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту үлесін арттыру, сондай-ақ өндірістік инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне баса назар аударылды.

Сонымен қатар, кәсіпорынның аудан экономикасын әртараптандыруға, инвестициялық әлеуетті арттыруға және әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты қарқынын қамтамасыз етуге қосатын үлесі сөз болды.

Аудан басшысы жобаның аудан үшін стратегиялық маңызына тоқталып, инвестициялық міндеттемелердің сапалы әрі уақытылы орындалуы қажеттігін атап өтті.

Кездесу қорытындысымен тараптар инвестициялық жобаны одан әрі ілгерілету, өндірістік әлеуетті арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: