Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Тараптар кабинеті» сервисінің мүмкіндіктері

25.08.2026, 9:00 42

Бүгінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі атқарушылық іс жүргізуді жетілдіруге, олардың ашықтығын арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған жұмыстарды күшейтуде және жетілдіруге байланысты цифрлық шешімдер енгізілуде.

Соның бірі – «Тараптар кабинеті». Бұл деп отырғанымыз өндіріп алушы мен борышкерлерге кез келген уақытта атқарушылық іс жүргізу материалдарымен танысуға, оның ағымдағы мәртебесін көруге, жасалған әрекеттер мен қабылданған шараларды тексеруге, сондай-ақ электрондық форматта өтініштер мен өтінішхаттар жолдауға, хабарламалар мен құжаттарды қашықтан алуға, сот орындаушысының деректерін және оның рейтингін тексеруге, тіркелген құжаттарды PDF форматында жүктеп алуға, сондай-ақ берешекті Онлайн төлеуге мүмкіндік береді.

«Тараптар кабинеті» 2025 жылғы 1 шілдеден бастап іске қосылып, AdiletGov жүйесімен интеграцияланды.

Басты мақсат – азаматтардың шағымдарына ден қоюдан олардың алдын алуға көшу және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған атқарушылық іс жүргізудің заманауи цифрлық әдістерін қолдану.

Жыл басынан азаматтардан ЖСО-ға 3 мыңға жуық өтініш келіп түскен. Қызылорда облысының Әділет департаментіне жолданымды «Е-өтініш» порталы арқылы келеді. Оның ішінде атқарушылық іс жүргізу бойынша біраз өтініштер бар. «Тараптар кабинеті» жүйесі іске қосылғаннан бастап атқарушылық іс жүргізу бойынша хаттарды осында жіберуге болады. Яғни бұрынғыдай Әділет департаментіне келіп уақыт кетіріп, жеке сот орындаушыға шағым түсіргенше, бірден осы жүйе арқылы жеке сот орындаушыға шыға алады.

Ал, жеке сот орындаушы 5 жұмыс күні ішінде жауап қайтарады. Тәулік бойы жұмыс істейді. Қосымша үшінші адамдар кіре алмайды. Азаматтар өздеріне қатысты қабылданған процестік құжаттарын көре алады. Қандай шара қолданғанын да көрініп тұрады. Жеделдік үшін «Тараптар кабинеті» жүйесіне жүгінген жөн екендігін хабарлаймыз.

А.Қосбергенова,

Қызылорда облысы Әділет департаментінің

сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: