Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мохсиннің  рецензиясы

10.08.2026, 8:40 72

HALYQLINE.KZ

Шымкент қаласында дүйім ел білетін сатирик, жазушы Мұхтар Шерім деген азамат бар. Ағамызбен әлеуметтік желі арқылы таныспыз, хат алмасып тұрамыз, «Халық» газеті мен halyqline.kz ақпарат агенттігіне сатиралық әңгімелері жиі жарияланады. Бір сөзбен айтқанда, рухани жақындастық бар. Жағымды жаңалығы болса, жекеме шығып, сүйінші сұрайды. Кеше түнде де ватсабыма хабарлама жіберіп, төмендегі жаңалығын бөлісіпті.

Бәрекелді, Мұха! Енді қазақты ғана емес, шетелді де мойындатып, бүгінгі күннің шынайы күлкісін әлем халқына да жеткізіп жатырсыз, ұзағынан болғай!

«Пәкістаннан жарық көрген «Адамға ұқсағана адам» атты сатиралық романыма алғашқылардың бірі болып пәкістандық жазушы Др. Мохсин Мигиана рецензия жазды. Мигианаға алғысым шексіз. Қазақстаннан дұғай сәлем! Төменде қазақша нұсқасын беріп отырмын.

Фотода ағылшын нұсқасы: ЖАЗУШЫ-САТИРИК Мұхтар ШЕРІМНІҢ «АДАМҒА ҰҚСАЙТЫН АДАМ» САТИРАЛЫҚ РОМАНЫ ТУРАЛЫ АЙТАЙЫН.

Әлем жаратылғаннан бері жауыздық пен зұлымдық күштер мен ізгі де адамгершілік күштер арасында тартыс басталды. Уақыт өте келе бұл жағдай тіпті ушыға түсті. Жауыз күштер өзінің шынайы кейпінде немесе бір әлде бірнеше бетперде (маска) тағып келеді.

Қазақстанның белгілі де танымал жазушысы Мұхтар Шерімнің «Адамға ұқсаған адам» деп аталатын сатиралық романы осындай жағымды және жағымсыз кейіпкерлердің іс жүзінде қалай өмірге келетінін және олардың жақсы немесе жаман адам сияқты қалай әрекет ететінін сатиралық тілмен шебер суреттейді. Осының бәрі ғасырлар бойы және біздің заманымызға дейін де адам баласының көз алдында болып жатыр, бірақ автор үшін ең маңыздысы — біз одан сабақ алып жатырмыз ба, жоқ па? Біз тек бақылаушымыз ба, әлде аз да болса сезініп, бірақ ештеңе істемейміз бе немесе бейжай қала береміз бе? Барлық шындық пен оқиғаларды суреттейтін бұл мәтін бізді толғандыра ма?

Мұхтар Шерім ескерткендей, біз болашақта мұндай оқиғаларға қарсы тұрғымыз келе ме, жоқ па? Шынын айтсақ, оның шығармалары шынайы жағдайды сатирамен келемеждеп, айқын ашып көрсетеді және барлық адамзаттың санасын сілкіндіріп, адамша әрекет етуге, қатыгез болмауға үндейді.

Төргебасар кейіпкері — жасанды тәкаппарлық пен өрескел мінез-құлыққа толы жауыз, зұлым, арам пиғылды бейнелейді. Оның түсінігінде байлық — жан дүниесі байланған ең басты құндылық.

Керісінше, Нұрхан — адалдықтың символы, ол әділ, әдепті және сабырлы да байсалды мінезге сенім артады.

Қазіргі жағдайда, тіпті қай дәуірде болсын, ізгі, кішіпейіл болып қалу, сондай-ақ адал болып, шыншылдық жағында тұру оңай емес.

Жазушы барлық кейіпкерді өте сәтті сомдаған, бұл оқырмандарға сөзсіз әсер етеді. Ал бұл — кез келген жазушының негізгі басты қазынасы, өйткені ол көпшіліктің ой-санасын өзгерте алады.

Др. Мохсин Мигиана (Dr. Mohsin Mighiana),

жазушы және бас хирург.

Фейсалабад Мигиана мемориалды ауруханасы, Чанг, Пакистан».

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: