Астанада бұрынғы Парламент ғимаратындағы «Қазақстан Республикасының Парламенті» деген жазу алынып, орнына «Қазақстан Республикасының Құрылтайы» деген жаңа ресми маңдайша орнатылды, деп хабарлайды halyqline.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа Конституцияға сәйкес Сенат пен Мәжілістен тұратын қос палаталы Парламенттің орнына елдің жоғары өкілді әрі заң шығарушы органы Құрылтай құрылды.

Құрылтай Мәңгілік Ел даңғылындағы №2 және №4 ғимараттарда жұмыс істейді. Екі нысан бір-бірімен арнайы галерея арқылы жалғасқан. Мұнда пленарлық отырыс залдары, депутаттар мен комитеттердің кабинеттері, кітапхана, халықаралық кездесулерге арналған бөлмелер және 400 орындық бірлескен отырыс залы орналасқан.
Құрылтайдың алғашқы депутаттық құрамы 23 тамызда өтетін сайлау нәтижесінде жасақталады. Жаңа заң шығарушы органға бес жыл мерзімге 145 депутат сайланады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!