Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Агрохимсервис-С» серіктестігі өндірістік қуатын кеңейтіп келеді

04.08.2026, 11:05 65

HALYQLINE.KZ

Жалағаш ауданындағы «Агрохимсервис-С» ЖШС 2020 жылғы 15 қыркүйекте жеке қаражат есебінен құны 400 млн теңгені құрайтын минералды тыңайтқыштар өндіру зауытын іске қосты. Жоба аясында 11 жаңа жұмыс орны ашылып, өндірістің жылдық қуаты 30 мың тонна өнімді құрайды.

Қазіргі уақытта кәсіпорын өндірістік қуатын кеңейту мақсатында жалпы құны 905 млн теңгені құрайтын қоймалар мен шатыр құрылысы жобасын іске асыруда. Жоба бойынша 750 млн теңге көлемінде «Өрлеу» бағдарламасы аясында несие қаражаты тартылған. Жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған және құрылыс жұмыстарын бастауға рұқсат берілген. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 90 пайыздан астамы орындалып, Қытайдан жеткізілген жабдықтарды монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жоба толық іске қосылған жағдайда қосымша 5 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметінше, аталған жобаның іске асырылуы аймақтың өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға, минералды тыңайтқыштардың отандық өндіріс көлемін ұлғайтуға және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді сапалы өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар импортқа тәуелділікті төмендетуге, өңдеу өнеркәсібінің дамуына, инвестиция көлемінің артуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына, салық түсімдерінің көбеюіне және өңір экономикасының әртараптануына оң ықпал етеді.

Мемлекеттік қолдау шараларының тиімді іске асырылуы нәтижесінде жүзеге асып жатқан бұл жоба өндіріс саласын дамытуға, инвестициялық белсенділікті арттыруға және Қызылорда облысының тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсімін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі саналады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: