Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда 6 мектеп жөнделіп жатыр

29.07.2026, 8:25 26

HALYQLINE.KZ

Биылғы жылы Қазалы ауданында Жанқожа батыр атындағы №70, С.Сейфуллин атындағы №165, Қ. Сәтбаев атындағы №216, Қ, Нұрмаханов атындағы №95, Ақсуат ауылындағы №100 және Ү.Түктібаев ауылында Б.Әбдіразақов атындағы №88 мектептерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Білім ошақтарына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары оқу процесінің қауіпсіз және тиімді өтуін қамтамасыз ету мақсатында жазғы демалыс кезеңінде жасалуда.

Кеше аудан әкімі Алмасбек Есмаханов мектептерге жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарын көріп, мердігер мекемелердің басшыларымен кездесті. Құрылысшыларға жөндеу жұмыстарының сапасына аса мән беріп, белгіленген мерзімде жоспарланған жұмыстарды аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ білім ошақтарындағы жөндеу жұмыстары тікелей бақылауында болатынын ескертті.

Алты мектепке жасалатын ағымдағы жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 269,9 млн теңгеге қаржы қаралып, бүгінгі күні жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігерлер анықталған. Қазіргі уақытта мектеп ғимараттарының едендері мен есіктерін ауыстыру, спорт залдарын ағымдағы жөндеу, шатырын, жылу жүйесін ауыстыру және аудан орталығындағы Қ.Сәтбаев атындағы №216 мектептің арты мен спорт зал ғимараттарының сыртын қаптау жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, мектептерге жасалып жатқан жөндеу жұмыстары 20 тамызға дейін толықтай аяқталып, жаңа оқу жылына пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: