Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақ тілінің болашағы туралы қысқа болжам

27.07.2026, 8:35 36

HALYQLINE.KZ

Ғылым-білімнің іргесі қазақ тілінде қалыптасуда. Оған ағылшын тілі көмекке келіп жатыр.

Бұл дұрыс болды.

Ал, Ресей тілімен интеграция бұрыннан бар…

Сонымен бірге, қазақтың таза, шұрайлы әдеби тілі елімізде соңғы отыз жылда дін арқылы күшейген «араб экспансиясы» жоқ кезде пайда болғаны қандай жақсы болған!

Ал, қазіргі дінмен келіп жатқан арабизм – біз үшін өлі тіл.

Көпке әсері жоқ діни буммен бірге шулап барып басылады.

Сондықтан қазақ тілі өз позициясын жылдан-жылға нығайтуда.

Алдымызда әлемдік тіл болу міндеті жоқ.

Ендеше, Қазақстанда сапалы мемлекеттік тілді қалыптастыру – бәрімізге ортақ міндет.

Тілді дамытудың негізгі серпін күші – осы!

Осындай тетікке қолы жеткен тіл енді тарих сахнасынан кетпейді, жойылмайды, жоғалмайды!

Әбдірашит  БӘКІРҰЛЫ,

философ

Фото: ken-zhyloi.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: