HALYQLINE.KZ Қазір президентке нақты қадамдар қажет:
1. Үкімет таратылуы тиіс. Бұрын ел танымаған, системада жоқ жаңа министрлер келуі керек.
2. Қауіпсіздік кеңесі таратылуы қажет. Не үшін қажет екені де түсініксіз сол ұйымның. Салютпен бірге өзін-өзі моральдық тұрғыда бітірді негізі.
3. Бүкіл әкімдер ауданнан бастап республикалық қалаларға дейін жаңаруы керек.
4. Алдағы Парламент сайлауында жастар келуі қажет. Түрін көріп ел шаршаған депутаттар кетуі тиіс.
Қазір ескі системаны жаңартып береке таппаймыз. Халық та басқа. Түгел жаңармаған жүйені қабылдамайды. Имитациясын жасау бірден көрінеді. Нақышына келтіріп жасай алатын кадрлар да жоқ. Бәрі бір «школадан» шыққан. Жүрістерін ел жаттап алған. Қоғам да басқа қазір. Бұрынғыдай өтірік айтып елді алдау мүмкін емес.
Бауыржан Серікбаевтың фейсбук парақшасынан алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!