Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Екі баланың анасы із-түссіз жоғалып кетті

01.07.2026, 15:33 67

Ақмола облысының полицейлері осыдан үш аптаға жуық уақыт бұрын үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған Көкшетау қаласының 47 жастағы тұрғынын іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Тәртіп сақшылары өңір тұрғындары мен демалушылардан әйелді іздеуге көмектесуді сұрайды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Іздестіріліп жатқан азаматша – 1978 жылы туған Марал Құттыбайқызы Әбуова. Полицияның мәліметінше, ол 12 маусым күні үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен, содан бері оралмаған. Жақындарымен байланысқа да шықпаған. Үйінде оны жұбайы мен кәмелетке толмаған екі баласы күтіп отыр.

Әйелдің белгілері:

бойы шамамен 170 сантиметр;

дене бітімі арық;

шашы қара;

көзі қоңыр.

Жоғалған күні үстінде беж түсті көйлек болған.

«Хабарлама түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізіп жатыр. Бейнебақылау камераларының жазбалары тексерілді, туыстары, таныстары және ықтимал куәгерлерден жауап алынды. Сонымен қатар келіп түскен барлық ақпарат жан-жақты тексерілуде», – деп хабарлады Ақмола облысының полициясы.

Алдын ала мәлімет бойынша, іздестіріліп жатқан әйелге ұқсас азаматшаны Бурабай курорттық аймағында көрген болуы мүмкін.

Фото: turkystan.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: