Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа оқу жылынан бастап оқушылар сабақ үстінде телефон қолдана алмайды – министр

27.06.2026, 9:45 35

HALYQLINE.KZ

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жаңа оқу жылынан бастап білім беру жүйесіне енгізілетін планшеттер мен смартфондарды пайдалану тәртібіне қатысты пікір білдірді. Бұл мәселе бүгінде балалардың денсаулығына алаңдаушылық туындауына байланысты талқылануда.

Министрдің айтуынша, планшеттерді енгізу 7-11 сынып оқушыларына қатысты болады.

«Бала денсаулығына қатысты барлық мәселені міндетті түрде Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп шешеміз. Сонымен қатар, біз қағаз оқулықтардан бас тартпаймыз, сол себепті бұл мәселе министрліктің бақылауында тұр», — деді ол.

Сонымен қатар жаңа оқу жылынан бастап оқушылардың сабақ үстінде смартфон қолдануына қатысты талаптар күшейтіледі.

«Қазіргі уақытта смартфондарды пайдалануды реттеуге қатысты ережелер бар. Меніңше, жоғары сыныптарда көптеген пән онлайн-платформалар арқылы өтеді. Мысалы, ҰБТ-ға немесе басқа да емтихандарға дайындық кезінде қажет болуы мүмкін, бұны мұғалімдер қауымдастығымен әлі де талқылаймыз. Ал басқа жағдайларда, 7-сыныпқа дейінгі балалар сабақ уақытында смартфондарын өткізуі тиіс болады», — деді министр.

Сондай-ақ балалардың әлеуметтік желілерде жеке аккаунт ашуына қатысты талаптарды қайта қарау мәселесі қарастырылып жатыр.

Дереккөз: Арай газеті

Фото: .islam.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: